29.02.2024, 23:10
Оқылды: 74

Теректі ауданында өткен сессия отырысында бірқатар шешімге өзгерістер енгізілді

Теректі ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс он үшінші сессиясының отырысы өтті.

428667062_2548220972026448_536884836881831023_n
Сессия отырысына аудандық мәслихат төрағасы Әлжан Нұрғалиев, аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова, мәслихат депутаттары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.

428698628_2548221025359776_2374549307486549900_n
Ең алдымен, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ғабит Газиев Теректі ауданының 2024-2026 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы шешімге енген өзгерістер жайында баяндады. Мәслихат төрағасы Әлжан Жақсыгерейұлы ауданның қоғамдық кеңесі мүшелерінің ауыс-түйісі туралы сөз қозғады. Теректі ауданы әкімі аппаратының басшысы Мирлан Еркибаев терроризмге қарсы және төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі комиссиялардың құрамдарына енгізілген толықтырулар мен өзгерістер жайын айтты.
Жиынға қатысушылар баяндамашыларға сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.

428698401_2548220992026446_9183611568019509528_n
Сессияда қаралған мәселелер депутаттар тарапынан қолдау тапты.
Сессия соңында аудан басшысы Әлия Биғазықызы бірнеше жыл бойы ауданымыздың дамуына үлес қосып, өзінің орынбасары болып қызмет еткен Амангелді Тоғызбаевтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты алғысхат пен естелік сыйлық табыстады. Сессия отырысына қатысқан округ әкімдері Амангелді Кәрімұлына жаңа жұмысында сәттілік тіледі.

Аягөз Айтқалиева,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале