Қазіргі күнде кітап оқушылар азайып кетті деп айтып жатамыз. Ал, күні кеше ғана «Қазақстан» ұлттық арнасынан «Айтуға оңай» хабарынан 96 жастағы әженің кітаптан қол үзбегенін көрсетті. Әженің, - оқып жатырған кітабым бітіп қалса, өмірім бітіп қалғандай болады, - деген әңгімесін естідік.
Бұл сонау Алматы жағындағы әже болса, өзіміздің қасымызда да жасы тоқсанға келмегенмен, сексен төртті еңсеріп тастаған Әбужәлит Шамғонов атамыз кітап оқудан қол үзген емес. Атамыздың бір ерекшелігі – кітапты көзілдіріксіз оқиды.
Бүгінде жапа тармағай ғаламтордың шырмауына түсіп жатқанымызда, сексеннің сеңгірінде жүрген атамыздан бір үлгі алсақ, артық болмас еді.
Қайрат Жақып