27.06.2026, 11:30
Оқылды: 71

Өзбекстанмен шекарадағы екі бекет тәулік бойы жұмыс істейді

ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлағандай, палата 2006 жылғы 4 қыркүйектегі Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге Хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялады.

57armadillo-chain-link-6931428_1920

Фото: pixabay.com

Астана қаласында 2024 жылғы 8 тамызда қол қойылған бұл құжат бойынша «Сырдария – Малик» және «Целинный – Ок олтин» өткізу пункттерінің мәртебесі «екіжақтыдан» «халықаралық (көпжақты)» деңгейге ауыстырылады. Сонымен қатар аталған бекеттердің жұмыс режимі «күндізгі уақыттан» «тәулік бойы» жұмыс істеу форматына өзгертіледі.

Мұндай маңызды өзгерістер шекарадағы өткізу бекеттерінің өткізу қабілетін айтарлықтай арттыруға, жүк пен жолаушылар ағынын барынша жеделдетуге, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы транзиттік-көліктік әлеуетті одан әрі дамытуға бағытталған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале