6.08.2026, 17:00
Оқылды: 13

Еуразиялық цифрлық дәлізді құру: «Батыс - Шығыс» жобасын іске асыру мәртебесі

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің басшылығымен өңірлік цифрлық хаб құру және жалпы Азия-Еуропа трафигінің жергілікті өңделетін транзиттік деректерінің үлесін арттыру бойынша мемлекеттік міндеттерді іске асыруға жәрдемдесу мақсатында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Freedom Holding арасында бұдан бұрын ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. Бүгінгі таңда бұл бағытта мемлекет пен жеке меншік сектордың әріптестігі аясында ауқымды жұмыс жүргізілді. Жобаларды іске асыруға Freedom Cloud Holding және «АСТЕЛ» АҚ жауапты.

5d02761a57452ad7a23f47dc89db59b4_1280x720

«Батыс - Шығыс» гипермагистралі халықаралық деректер транзитін күшейтіп, Қазақстанды Еуропа, Орталық Азия және Қытай арасындағы негізгі бағыттармен байланыстыруға арналған. Транскаспий магістралі құрылысы аяқталатын Ақтаудан Қорғас шекара өткеліне дейінгі магистральдық талшықты-оптикалық байланыс желісінің (ТОБЖ) ұзындығы шамамен 4,5 мың км құрайды (4511 км жалпы кабель көлемінен бүгінгі таңда 2,2 мың км-ден астамы төселді). Негізгі бағыт Қазақстанның 7 облысы арқылы өтеді, сонымен бірге инфрақұрылымды 13 өңірді қамти отырып кеңейту мүмкіндігі қарастырылуда.

Барлық жұмыстар жеке инвестициялар есебінен іске асырылуда, бұл мемлекеттік бюджетке түсетін жүктемені айтарлықтай төмендетуге және ұлттық жобаның жоғары тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Мәселен, өткен кезеңдерде жеке инвестор тарапынан Ақтау - Алматы және Озинки - Қорғас магистральдарының құрылысы едәуір желі көлемімен негізгі учаскелерде (Орал - Ақтөбе, Қордай - Алматы және Алматы - Қорғас бағыттарын қоса алғанда) сәтті жүргізілді.

Ағымдағы жылы магистральдық желілер жобалары «Freedom Cloud Holding LTD» қарамағына өтті, және оның еншілес ұйымы «ASTEL» АҚ арқылы Ақтау - Алматы «Гипермагистралі» мен оларды түйістіруге арналған ілеспе учаскелердің құрылысы белсенді түрде жалғасуда. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында ұзындығы 1 100 шақырым болатын Ақтау - Сексеуіл учаскесінің сызықтық бөлігінің құрылысы жүзеге асырылды, ал 15 шілдеден бастап ұзындығы 930 шақырым болатын Сексеуіл - Шымкент учаскенің құрылысы басталды.

Сонымен қатар, жалпы ұзындығы 530 шақырым болатын Сексеуіл - Ақтөбе учаскесінің құрылысы жүріп жатыр, бүгінгі таңда 123 шақырымы төселді. Сызықтық бөлікті төсеумен қатар, ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында магистральдық байланыс тораптары мен белсенді желілік жабдықты монтаждау жұмыстары орындалуда. Гипермагистральдың құрылысын аяқтау және оны пайдалануға беру 2026 жылдың соңына жоспарланған.

Жаңа инфраструктура 12 Тбит/с және одан жоғары өткізу қабілетін қамтамасыз етеді деп күтілуде. Бұл ең аз кідіріспен үлкен деректер массивтерін лезде алмасуды талап ететін қызметтер үшін технологиялық негіз жасайды: бұлтты платформалар, нейрожелілік және ЖИ-шешімдер, ақылды қала жүйелері, телемедицина, EdTech, финтех-платформалар, өнеркәсіптік IoT шешімдері және цифрлық өндірістік контурлар.

«Гипермагистраль құрылысы аяқталып, оны Транскаспий ТОБЖ-мен ұштастырғаннан кейін Қазақстан Еуразияның негізгі цифрлық транзиттік хабтарының бірі болуға мүмкіндік алады. Бұл халықаралық деректер транзитінің көлемін арттыруға, дата-орталықтар мен бұлтты инфраструктура құрылысына инвестициялар тартуға, сондай-ақ жаһандық технологиялық компаниялардың келуі үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді. Ел трафик транзитін қамтамасыз ете отырып, жоғары қосылған құны бар цифрлық экономиканы дамыта алады, жаңа жұмыс орындарын құрады, цифрлық қызметтерді экспорттайды және әлемдік цифрлық инфраструктура нарығындағы өз позицияларын нығайтады», - деп атап өтті Премьер-министрдің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.

«Батыс - Шығыс» гипермагистралі халықаралық және өңіраралық деректер транспорты үшін магистральдық цифрлық дәлізді қалыптастырса, «3000-нан астам елді мекенді жоғары жылдамдықты интернетке қосу жөніндегі инвестициялық келісім» Ұлттық жобасы (АЕМ 2.0) жылдамдықты интернетті тікелей ауылдарға, әлеуметтік нысандарға және тұрғындарға жеткізеді. АЕМ 2.0 шеңберінде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі серіктестерімен бірге республика бойынша 38 мың км-ден астам оптикалық желілерді салып, 3000-ға жуық ауылдық елді мекенді қолжетімділікпен қамтуды жоспарлап отыр.

Меморандум мен осы бастамаларды іске асырудың нәтижесінде Қазақстан қуатты транзиттік әлеует пен озық технологиялық қуаттылықпен қоса, өңірлердің цифрлық теңдігіне, онлайн-білім беруді, телемедицинаны, мемлекеттік қызметтерді және бүкіл ел аумағында цифрлық экономиканы дамытуға практикалық негіз алады. Құрылып жатқан трансконтинентальдық бағыт деректердің үздіксіз берілуін қамтамасыз етіп және ұлттық цифрлық экожүйені сапалы жаңа деңгейге шығара отырып, мемлекеттің әлемдік телекоммуникация картасындағы позицияларын айтарлықтай нығайтады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале