Жеңістің 71 жылдығына орай Зеленов ауданы Дариян ауылындағы «Аққу» тойханасының меңгерушісі Жаңылсын Ақмурзиева соғыс және тыл ардагерлеріне дастархан жайып, құрмет көрсетті.
Мерекелік дастархан басына жиналған қариялар мен кейуаналарды округ әкімі Болат Ерболатов құттықтай келді.
Дастархан басында өткен-кеткенді еске алып, ауыр күндердегі естеліктер тиегін ағытқан ардагерлер тамаша кеш ұйымдастырған тойхана ұжымы мен ауылдық округ әкімдігіне ризашылқтарын білдірді.
Гүлжан Аязбаева
Зеленов ауданы