18.11.2016, 11:30
Оқылды: 18

Аудандық сот үкіметтік емес ұйымдармен кездесті

%d0%b0%d1%83%d0%b4%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d1%8b%d2%9b-%d1%81%d0%be%d1%82-%d2%af%d0%ba%d1%96%d0%bc%d0%b5%d1%82%d1%82%d1%96%d0%ba-%d0%b5%d0%bc%d0%b5%d1%81-%d2%b1%d0%b9%d1%8b%d0%bc%d0%b4%d0%b0%d1%80%d0%bc  Қазталов аудандық соты үкіметтік емес ұйымдармен дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел жұмысына Қазталов аудандық сотының төрағасы Райбек Қайырбеков, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және сот мамандары қатысты. Аудандық соттың төрағасы Райбек Қайырбеков, - Біздер осы тұста көбіне-көп мемлекеттік мекемелермен өзара тығыз байланыста болсақ та, үкіметтік емес ұйымдар сот ісіне байланысты ақпараттарды нақты түрде білмей жатады. Міне, осы орайда біз сіздермен, әсіресе жастармен кездесудегі мақсатымыз – сот ісіне байланысты қандай да болмасын мәселені арнайы электрондық жүйе арқылы іске асыруға болатынын жеткізу еді, -деді өз сөзінде.


Сонымен қатар әр жеке тұлғада электрондық сандық қолтаңба арқылы сот хабарламаларын жолдау мүмкіндіктерді жергілікті соттардың сайты арқылы «Сот құжаттарымен танысу», «Іс бойынша қосымша құжаттарды жіберу» сервисі іске қосылды. Сотқа жүгінген әр азамат талап-арыз тіркелгені туралы талон алады, бірнеше күннен кейін оның ұялы телефонына немесе электронды поштасына оның арызы бойынша сот құжаты шыққаны туралы хабарлама келеді. Бұл ретте азаматтар сот құжатын алуға, сотқа барып уақытын кетіріп, қаражатын шығындап, әуреге түспейді, -дейді аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Руслан Қаженов.

Дөңгелек үстел соңында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері осындай дөңгелек үстелдерді өткізудің маңыздылығын айтып, әруақытта да тығыз байланыста болатындарын жеткізді.

Жұлдыз АСҚАР

Қазталов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале