29.06.2015, 11:59
Оқылды: 23

Ақжайық ауданының әкімі Әділ Жоламанов: тарихымызды түгендеуге қатысты бүкіл іске қашанда көмек әзір

Akjayik ajyik tanin kabildadi  Ақжайық ауданының әкімі Әділ Жоламанов байланыс және бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай «Жайық таңы» газетінің ұжымын, басылымның белсенді қоғамдық авторларын қабылдап, құттықтады.

Емен-жарқын әңгіме барысында аудандық газеттегі заман талабына сай көтеріліп келе жатқан және ешқашан үзілмеуге тиісті тақырыптар туралы баяндалды. Бұл таңда облысымыз аумағындағы көне ескерткіштерді, араб жазулы құлпытастарды қорғау және зерттеу жөнінде ауқымды іс жүргізіліп келе жатқаны мәлім. Осыған байланысты Ақжайық ауданында да зерттеу тобы бар, оған тәжірибелі журналист Бақтығали Қоспаев жетекшілік жасайды. Сондай-ақ аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі жанынан «Өз өлкеңді өзгеден бұрын таны!» атты тарихи-танымдық қозғалыс жұмыс істейді. «Өте бағалы бастама. Тарихымызды түгендеуге қатысты бүкіл қам-қарекетке көмек қашанда әзір»,- деді ол.

Ауданда биылғымен алтыншы жыл, «Өз өлкеңді өзгеден бұрын таны!» атты ұзақмерзімдік жобаның кезекті сапары маусым айының басында шеру тартты. Ауданның өткенін тануды, өшкенін жағуды көздейтін бұл ұзақмерзімдік жоба бойынша артта қалған жылдары ауқымды іс атқарылды. Елдімекендердің ғасырлар қойнауынан бергі тарихына, көне қорым, құлпытастар жөнінде мағұлматтарды байытуға, арқалы би, батыр, Кеңес  Одағы кезеңіндегі шаруашылықтар майталмандарының еңбегіне қатысты шежіре толықтырыла  түсті. Соның бәрі жүйеленіп, ауданның  тарихи-танымдық анықтамалығына енгізілуде. Бұл анықтамалық алдыңғы жылы екінші рет баспадан шығарылса, былтыр өлкенің терең тарихын соны қырынан қамтыған «Ақжайық ауданы» атты жаңа басылымның І кітабы жарық көрді. Бүгінде ІІ кітап дайындалуда.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале