2.09.2015, 10:00
Оқылды: 20

Бағырлайдағы асхана

Akjayik bagirlaidagi ashana   Ақжайық ауданында тағы бір қоғамдық тамақтандыру орны ашылды. Ол Орал – Атырау тасжолының бойында, Бағырлай өзені үстінен салынған көпірге таяу орналасқан.

Осы асхана 1 мезгілде 60 адамға қызмет көрсетеді. Онда 7 адам қызмет істейді. Тәуліктің қай мезгілінде болмасын жүргіншілерге қызмет көрсетуге әзір. Тамақтың қай-қай түрін де таңдап-талғап ішуіңе мүмкіндік мол. Түрлі сусындар да жеткілікті.

– Бізде барынша мәдениетті қызмет көрсетуге тырысамыз. Ет, сондай-ақ көкөністің қажетті түрінің бәрін өзімізге жақын Алмалы, Ақжол ауылдық округінің шаруа қожалықтарынан аламыз,-деді асхананың бас аспазы Нэлли Ломаева.

Заманауи үлгімен салынған осы тамақтану орны кірсе-шыққысыз. Тоңазытқыш, үстел-орындықтар, жарқыраған ыдыс-аяқ, тамақ үлестіретін орын, электр қыздырғыштар, желдеткіштер, т.б. қажеттің бәріне риза боласың. Көлік жүргізушілерінің, жүргіншілердің тынығуына да қолайлығы көрініп тұр. Күре жолдың бойындағы осы асханаға келушілер легі бір толастамайтыны сөзсіз.

www.zhaikpress.kz

Тілес ЖАЗЫҚБАЙ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале