27.06.2016, 14:29
Оқылды: 44

Белсенді авторларды құттықтады

belsendi avtorlardy kuttyktady      Байланыс және баспасөз күніне орай Жәнібек аудандық «Шұғыла» газетінің редакциясында аталған басылымның белсенді авторларымен кездесу оздырылды.


              Басқосуда «Жайық Пресс» ЖШС Жәнібек филиалының директор-редакторы  Ахмедияр Батырханов құттықтау сөз сөйлеп, аудандық әділет басқармасының басшысы Арман Нұрымбаевқа, аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының басшысы Нұрлыбек Мұстаевқа, аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Ержан Әліпқалиевқа, Жәнібек және Бөкей Ордасы аудандары бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалау жөніндегі аға прокуроры Еркін Ақбаевқа, аудандық орталық аурухананың саламатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері Армангүл Аққойшинаға, Тау ауылындағы       Ғ.Абдуллин атындағы мектептің кітапханашысы Гүлнар Сапароваға және Жақсыбай ауылындағы М.Ықсанов атындағы мектептің мұғалімі Лида Берікқалиеваға құттықтау хат табыс етті.

Өз кезегінде сөз сөйлеген аудандық газеттің жауапты хатшысы Асқар Құсайынов белсенді авторларға шығармашылық табыс тілесе, аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Ержан Әліпқалиев редакция ұжымын төл мерекелерімен құттықтап, бұдан былай да шығармашылық өрлеу тілеп,  газеттің белсенді авторларының алдағы уақытта да редакциямен байланыстары үзілмейтіндіктерін  білдірді.

                                                                              www.zhaikpress.kz
Н.Жапақов
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале