5.07.2016, 18:20
Оқылды: 29

Брифинг Казахстан-Орал, облыстық кәсіпкерлер палатасы бойынша өтті

брифинг  Сейсенбіде Қазақстанның орталық коммуникациялық қызметі БҚО филиалында  кезекті баспасөз мәслихаты өтті. 


Бұған облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қайыршин, директордың құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Нұржан Мақсотов, директордың экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Марат Нұрғуатов, адам капиталын дамыту бөлімінің бастығы Айгүл Әбілқайырова және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Жиын барысында Нұрлан Қайыршин облыстық кәсіпкерлер палатасының  ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарған жұмыстары жөнінде баяндады.

-Баршаңызға белгілі, палатаның басты міндеті – билік пен бизнестің тиімді әріптестігі негізінде экономиканың  дамуына қолайлы жағдай  жасау  болып табылады. Қазіргі таңда палата мынандай бес бағыт бойынша жұмыстануда. Олар: кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, әкімшілік кедергілерді азайту, кәсіпкерлерге қаржылық емес қолдау көрсету, өңірлік даму картасы, адами капиталды дамыту. Палатаға жер теліміне, мемлекеттік сатып алу ісіне, рұқсат алу мәселесі, салық, бәсекелестік және тариф бағасы бойынша шағымхаттар көптеп түседі.

Енді жоғарыда аталған бағыттар бойынша ағымдағы жылдың 6 айында атқарылған жұмыстарға бөлек-бөлек тоқталып көрейік. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша биылғы 6 ай ішінде  75 жазбаша шағым қаралып, соның 47-сі оңды шешілді. Бұдан басқа палата кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша 4 рет отырыс өткізіп, бизнес субьектілерінің 15 түйткілді  мәселесін қарады, солардың 10-ы оң шешімін тапты. Палата мен прокуратура органдары арасында бірігіп жұмыстану жөнінде меморандум бар. Осыған орай, жеделтоп өкілдері кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша 15 рет бизнес субъектілерінің шақыртуына барып, оның  7-і расталды. Сөйтіп, кәсіпкерлерге қатысты құқық бұзушылықтар дер кезінде тоқтатылып, олар жеке кәсіптерін одан әрі жалғастыруға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, палата қызметкерлері  11 сот отырысына қатысып, 15 процессуалдық сот құжаттарын дайындады. Бұдан басқа облыстық кәсіпкерлер палатасы 5 әкімшілік кедергіні анықтады. Оның 3-і жергілікті, 2-і республикалық деңгейде. Палата қызметкерлерінің жүйелі жұмысының нәтижесінде жергілікті деңгейдегі 13 және республикалық деңгейдегі 4 әкімшілік кедергі жойылды. Заңнамаға өзгеріс енгізу жөніндегі 2 ұсынысымыз мемлекеттік органдармен келісіліп, тағы 3 ұсыныс қаралуда.

2014 жылдың 30 қазанында облыс әкімдігімен кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бойынша ынтымақтаса жұмыстану жөніндегі Меморандумға қол қойдық. Соның арқасында бизнесті дамытуда маңызы зор бірқатар комиссияның құрамына кірдік. Алдағы уақытта жер, архитектура және құрылыс, индустриалды-инновациялық даму, грант бөлу ісіне қатысты комиссиялардың құрамына енуді жоспарлап жүрміз. Өйткені, біз осындай комиссиялардың құрамында болу арқылы жергілікті кәсіпкерлердің ұсыныс-тілектерін жоғарыға жеткізе аламыз.

Ал енді кәсіпкерлерге қаржылық емес қолдау көрсету ісіне келер болсақ, жыл басынан бері бизнесті сервистік  қолдау аясында 460 бизнес субъектісіне 460 қызмет көрсетілді. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы арқылы 3742 адамға 3798  рет қызмет көрсетілді. «Бизнес Кеңесші» курсы аясында 351 адам оқытылып, «Іскер байланыс» арқылы  шағын  бизнеспенайналысатын бір кәсіпкер Германияға оқуға жіберілді. Бизнесті қорғау бойынша БАҚ-да 127 материал жарияланды, -деген Нұрлан Серікұлы кәсіптік білім берудің дуальды жүйесі жөнінде де әңгімеледі. Оның сөзінше, бүгінгі таңда облыста дуальды оқыту бойынша 18 колледжбен, 59 кәсіпорынмен 66 үш жақты келісімшарт жасалған. Оқытудың бұл жүйесіне барлығы 1 115 оқушы тартылған.

www.zhaikpress.kz

Айша ӨТЕБӘЛІ

                                                                                        «Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале