6.06.2016, 13:49
Оқылды: 21

БҚО әкімі өңірде қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды


akimat   Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов көршілес Ақтөбе облысының орталығында болған лаңкестік әрекеттерге байланысты өңірде қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды.


 Облыстық әкімшілікте өткен жиында құқық қорғау органдарының өкілдері, аудан әкімдері және басқарма басшылары өңірдегі қауіпсіздік шаралары жайлы мәлімдеді.

 Өз кезегінде дін істері басқармасының басшысы мен облыстың бас имамы Рамазан айы кезінде түсіндіру жұмыстарының күшейтілгенін жеткізді.

  Алдағы уақытқа жоспарланған көпшілікті қамтитын іс-шаралар кезінде облыс тұрғындарының денсаулығы, қауіпсіздігі тиісті басқармаларға, құқық қорғау органдарына және жергілікті полиция қызметінің басшылығына жүктелді.

  Ақтөбе қаласындағы 6655 әскери бөлімшесіне лаңкестер жасаған қылмыстық әрекет кезінде ерлікпен қаза тапқан Берік Қалиевтің жерлеу рәсімін облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын Жәнібек ауданының әкімі Наурызбай Қарағойшин баяндады.

  Облыста жағдай тұрақты, құқық қорғау органдары күшейтілген тәртіппен жұмыс істеуге көшкен.

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале