7.08.2015, 16:53
Оқылды: 26

Еріктілер қан тапсырды

Taskala eriktiler kan tapsirdi    2005 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ассамблеясының отырысында ерікті қан тапсырушылар -донорлар күні ресми түрде бекітілген екен. Содан бері еліміздің аймағында 14 тамыз донорлар күні ретінде аталуда.

Жыл сайын осы шара ауданымызда үлкен ұйымшылдықпен өтеді. Қан тапсырып, бір адамның болса да өмірін сақтауға септігім тисе деген ізгі оймен келгендер саны жылдан жылға артуда. Үстіміздегі жылдың 5-6 тамыз күндері де аудандық емханада да қан тапсыруға келген тұрғындардың қарасы көп екен. Облыстық қан құю орталығынан келген ақ халатты абзал жандар қауырт жұмыс үстінде . Біз осы орталықтың дәрігері Ақкүміс Нұржановамен тілдесіп қалдық.

Қан тобын, резус факторды, гемоблогин   деңгейін анықтаумен осы салада қырық жыл еңбек етіп келе жатқан А.Рауылқызы, қан тапсырушыларды  тіркеумен Т.Аманғалиева, ал қан  алумен от бөлімінің медбикелері А.Шангереева мен Е.Айтқалиева жұмыстануда. Өз істерін жетік білетін олардың қимылдары жылдам, келгендердің қолдарын  спиртпен зарарсыздандырып, ине-мен тамырды дөп тауып жатыр.

Жергілікті көп жылдан бері қан тапсырып келе жатқан ақ желеңді жандар әрі ардагер донорлар Г. Легашова, Т.Зарипова, А.Турекешова мен аудан тұрғындары Г.Айжарықова, Г.Жұмағазиева, А.Абдрахманова, Г.Даулетқалиева, Қ.Қазенова, Л.Нұрмұханова т.б.  да осы жерде өз кезектерін күтуде.

Екі күннің ішінде аудандық емханада сонымен 100-ден аса шыңғырлаулық  тапсырған қан облыстық қан құю орталығына  жөнелтілді..

www.zhaikpress.kz

Гүлшат Ибрагимқызы

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале