4.05.2016, 18:50
Оқылды: 22

Жер қолтыққа қысып алып жөнеле беретін дүние емес

????????????????????????????????????

    «Бірлік пен жасампаздықтың 25 жылы» ұранымен өтіп жатқан белесімізде қасиетті Тәуелсіздігіміздің арқасында еліміздің жеткен жетістіктерін әрбір азаматтың сезінуі айрықша маңызды. Ақжайық ауданында қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері осы орайда еңбек ұжымдарымен, жастармен, тұрғындармен жүздесіп, әңгімелер өткізуде. Бейбітшілік пен келісімді ығайтып, этносаралық және конфессияарылық еліміздің қысқа уақытта-ақ бағындырған биіктері, аудан ауылдарындағы еңбек шамшырақтарының, көптеген мақтаулы отбасының өнегелері тілге тиек болуда.


     Бұл жүздесулерде сондай-ақ, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарынан, заңнамалардан хабарсыздықтың салдарынан кейбір жерде біреулердің жер қатынастарына байланысты алыпқашпа, бықсытпа сөзді жаюы халқымыздың көңіліне кірбің түсіріп жатқаны жайында айтылып, әлгі қауесеттердің негізсіздігі жанды мысалдармен баяндалуда. Осыған байланысты ұғындыру жұмыстары барлық жерде жалғасатын болады. Қоғамдық келісім кеңесінің аудан әкімі Әділ Жоламановтың төрағалығымен өткен кезекті отырысында осы жайында айтылып, жерді ұтымды пайдалануды көздейтін «Жер кодексінің» қағидаларын, қасиетті жер қолтыққа қысып алып жөнеле беретін дүние еместігін барлық тұрғынға жеткізу жайы пысықталды. Келісім кеңесінің өткен уақытта атқарған істері және алдағы міндеттері туралы оның төрағасы Дәулетжан Жақсыбаев тұжырымдады. Кеңес мүшелері қайнаған өмірдің белортасынан табылуда, мерекелі жылы олардың жүгі салмақты болып отыр.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале