29.10.2015, 16:32
Оқылды: 28

«Мейірімді жүректен»

мейиримди журекҰзынкөл ауылдық округінде мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық көрсету мақсатында «Мейрімді жүректен» атты шара оздырылды.

Шара барысында ауылдағы мүмкіндігі шектеулі жандар Серік Сердалиев, Исламбек Дүйісов, Жамбыл Исатаев, Жадыра Зұлқарнаева, Айзада Князоваларды әлеуметтік қызметкер Айнагүл Хауметқызы округте орналасқан мекемелерге саяхат жасатты.

Ұзынкөл ЖББОМ психологы Біржан Мұқтаров олармен түрлі тренингтер ұйымдастырса, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ринат Әубәкіров әртүрлі дене жаттығуларын жасатып, спорттық ойындар ойнатты.

Қамкөңіл жандарға Мәдениет үйінде дарстархан жайылып, ауыл әкімі Алтай Бақтығалиев ізгі тілегін жолдады.

Дастархан басында өзара ашық-жарқын әңгіме өрбітіліп, ән шырқалып, ақжарма тілектер ақтарылды.

www.zhaikpress.kz

Меңдігүл ФАЗЫЛОВА

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале