12.10.2015, 13:00
Оқылды: 29

Нашақорлыққа қарсы күресте мұқияттылық керек

Shingirlau nashakorlikka karsi kyreste  Шыңғырлау ауданы әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары  Қ.Айтмұхамбетовтың  төрағалығымен  нашақорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия отырысы болып өтті. Комисияда аудандық білім беру бөлімінің басшысы  А.Сапаровтың баяндамасы  тыңдалып, талқыланды.

Күн тәртібіне байланысты  аудандық емхананың психиатор-наркологі Э.Ткатов, аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы С.Астафьев сөз алып,  аудан бойынша  нашақорлық фактілерінің жоқтығын, десек те оның алдын алу шараларына мұқият болу қажеттігін түсіндіріп өтті.

Комиссия мүшелері байқағандай профилактикалық шаралар мектептерде, колледжде,жастар арасында  өткізіліп тұратындығын,бірақ  тұрғындар арасында мектептен кейінгі және жұмыссыздар арасында осындай шаралардың қалыс қалып тұрғандығы қаперге алынды.

Комиссия мүшелері ауыл-аймақтардада  нашақорлыққа қарсы  профилактикалық жұмыстардың қажеттігін ескеріп, жоспарға кіргізді.

www.zhaikpress.kz

                                                                    Айсұлу Амангелдіқызы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале