4.09.2015, 10:42
Оқылды: 26

Тақтайдай тас жолмен жүретін болдық

Janakala taktaidai tegis jol   Соңғы жылдары елімізде автомобиль жолдарын салуға аса үлкен маңыз беріліп отырғаны белгілі. Бұл қуанышты хабарды өткен жылы Жаңақала ауданында іссапарда болған мәжіліс депутаты Рашид Ахметов те аудан халқына жеткізіп, ортақ қуанышпен бөліскен еді. Жаңақала жүргізушілерінің де, жолаушыларының да қай кезде де жүйкесіне тиіп келе жатқан мәселенің бірі – осы тас жол­дар бо­ла­тын.Бұйырса, жаңақалалықтардың тақтайдан тегіс жолмен жүретін күн де қашық емес сияқты.

Өткен жылы «Чапаев-Жаңақала-Сайхын» тасжолының 84-88, 102, 5-104 және 104-113 километр аралығы, барлығы 113 км. жолды жөндеуге республикалық бюджеттен 1061 млн.теңге бөлінген болатын. Мердігер компаниялар «АСФА» және «Орал АИС», ЖШС бүгінге дейін 116 километр жолды толықтай жөндеп бітірді. Қазіргі таңда енді қалған 9 км.жолға күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Мердігерлер күрделі жөндеу жұмыстарын салқын түскенше аяқтауды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, өткен жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша ауылішілік жолдарды абаттандыруға 250,5 млн.теңге қаржы бөлінген болатын. Мердігер «ЕвразияЖолҚұрылыс» ЖШС-і ауылішілік 4,1 км.жолды жөндеуден өткізсе, биыл 61 млн.теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жалғасуда.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале