5.07.2016, 17:31
Оқылды: 29

Теректі ауданында "Гүлдей жайна, Астана!" кеші өтті

Теректі         Бас қаламыз – Астананың туған күніне орай Теректі аудандық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен  "Гүлдей жайна, Астана!" атты тематикалық кеш өтті.


Жиынға аудандық Әділет басқармасының басшысы Н.Дәуленов, Федоров ауылдық округінің жетекші маманы Қ.Жұмақаев,  ішкі саясат бөлімінің маманы Қ.Саламатова, кітапхананың белсенді оқырмандары Қуан Сабитов пен Үміт Сәрсенова және оқушылар қатысты.
Мемлекеттік Әнұран орындалған соң,  келешектегі елорданың келбетін бейнелейтін бейнебаян көрсетілді. Содан соң қонақтар кезек-кезек тілектерін айтты. Оқушылар да аянып қалмай, өз өнерлерін ортаға салды.

www.zhaikpress.kz
Аягөз Бақтығали
Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале