6.10.2016, 10:43
Оқылды: 30

Экспедиция жұмысы жалғасуда

 %d1%8d%d0%ba%d1%81%d0%bf%d0%b5%d0%b4%d0%b8%d1%86%d0%b8%d1%8f-%d0%b6%d2%b1%d0%bc%d1%8b%d1%81%d1%8b-%d0%b6%d0%b0%d0%bb%d2%93%d0%b0%d1%81%d1%83%d0%b4%d0%b0 Батыс Қазақстан облысында XVIII-XX ғасыр ескерткіштері – құлпытастарды зерттеу бойынша жұмыстар қолға алына бастағаны баршамызға белгілі. Осы жұмыстарға жергілікті жерде көмектесу және өз өлкеміздегі көне қорымдардағы өнер туындысы болып саналатын құлпытастарды зерттеу мақсатында Теректі ауданында да аудан әкімшілігінің қолдауымен экспедиция құрылып, жұмысын жандандыру үстінде.


Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қ.Өтеғалиев бастаған топ алдымен Ақсоғым ауылына ат басын бұрды. Аталмыш топқа ауыл тұрғыны Н.Қажғалиев және ауылдың кітапханашысы Г.Бегилова қосылып, көне қорымдардағы құлпытастарды көзбен көрді. Олар ауыл маңындағы Ынталы, Әжібай, Қызылүй деген жерлердегі қорымдардағы көне құлпытастастарды суретке түсіріп, нөмірлеп жазды. Сонымен қатар Үлкен Еңбек ауылындағы қорымнан да бірнеше құлптыстас табылды. Ақсоғым ауылынан барлығы 50-ге жуық көне құлпытас табылып, таңбаланды.

   Одан кейін экспедиция мүшелері Богданов ауылынан 12 шақырым жерде орналасқан көне қорымда жұмыстарын жалғастырды. Ол жерден халық арасында емші атанған, саяси қуғын-сүргін құрбаны Құдайберген Жалмағанбетұлының құлпытасы табылды. Жан-жағы қоршалған бейіт арнайы ереже бойынша суретке түсірілды. Экспедиция мүшелерін Богданов селолық округінің әкімі Ә.Әубәкіров, ауылдың кітапханашысы М.Ғұсманова, клуб меңгерушісі В.Медетова және ауыл тұрғыны И.Цымбалюк қостады.

Осындай сауапты істер әлі де жалғасын табады деп күтілуде. Жиналған мәліметтер нақтыланып, сарапталатын болады.

Р.Еркінқызы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале