6.06.2016, 12:47
Оқылды: 121

«Қазақ елінің рәміздері» атты дөңгелек үстел өтті

IMG_8003  Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып, 1992 жылы 4 маусымда "Мемлекеттік рәміздер" күні болып белгіленді. Бұл – кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі.


  Осы мерекеге орай 3 маусым күні аудандық кітапханада 4 маусым – «Мемлекеттік рәміздер күніне» орай "Қазақ елінің рәміздері" атты дөңгелек үстел өтті. Шарада  сөз алған Қазталов аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Руслан Қаженов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева, әділет басқармасының басшысы Эльмира Қайсағалиева, Қазталов орта мектебінің мұғалімі Абзал Есенғазиев мемлекеттік рәміздер туралы және мекемелердегі рәміздердің заң жүзінде дұрыс қойылуы туралы жан-жақты мәліметтер беріп, пікірлерімен бөлісті.

   Сонымен қатар шараға мемлекеттік рәміздердің құрдастары келіп, өз пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ шарада мемлекеттік рәміздер туралы бейнетаспа да көрсетілді.

www.zhaikpress.kz

ҚАЗТАЛОВ АУДАНЫ

Гауһар ҚҰРМАНҒАЗИЕВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале