17.03.2016, 16:25
Оқылды: 24

Қарасаздан жүлдемен оралды

JAnakala Mykagali   Айдархан орта жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Данияр Нысанғалиев Мұқағали ақынның туған жері Карасазда өткен республикалық Мұқағали оқулары байқауының ІІ орын иегері атанды.

Осыдан біраз күн бұрын аталмыш байқаудың облыстық кезеңінен жеңімпаз атанған Данияр байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алған болатын.


Республикалық шара «Менің пірім - Мұқағали», «Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап…», «Жыр эстафетасы» және «Өлеңмен өрілген жыр», «Мұқағали мұрасын кім көп біледі?» сынды бірнеше турдан тұрды. Сондай-ақ, берілген ұйқасқа өлең құрау бөлімі бойынша оқушылар ұйқас қуып, өлең жазуы қажет.Данияр аталған бес бөлімде де өзін озық көрсетті. Соның ішінде ақиық ақын Мұқағалидың 5 поэмасын жатқа айтып, ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақ-жауаптан тұратын бөлімде қойылған 10 сұраққа мүдірмей жауап берді.

Айта кетсек, Данияр жақында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына орай өткен оқушылар арасындағы айтыста арнайы жүлдемен марапатталған болатын.

 www.zhaikpress.kz

Жаңақала ауданы

Ботагөз ТІЛЕУБАЕВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале