6.06.2016, 15:39
Оқылды: 156

Қаратөбе аудандық мешіт үйінде тарауих намазы оқылды

????????????????????????????????????

  Қасиетті Рамазан айында ораза ұстауға ниет еткен қаратөбелік ағайын түн ортасы таянған шақта мешіт үйіне ағылды.

  Алдымен жамағатқа аудандық мешіттің бас имамы Әділжан Бекқазиев уағыз айтып, қасиетті Рамазан айы, ораза ұстау ережесі жөнінде терең мағлұмат берді.


  Жиналғандар алдында Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Шахаров сөз сөйлеп, барша ағайынға ниет еткен тілектерінің, ұстаған оразаларының қабыл болуына игі тілегін жеткізді.

   – Мешіт үйі баршамызды имандылыққа, адамгершілікке, татулыққа шақырар қасиетті мекен.

  Аллаға шүкір, орталық мешіт үйі түрақты түрде жұмыс жасап келеді. Бас имам Әділжан Төлебайұлы мен теолог маман Әмірбек Жәнібековтің еңбегі зор.

   Қасиетті Рамазан айы мүбарак болсын! Лайым да тек елімізде бейбітшілік болсын. Алла Тағала жақсы күндерді нәсіп етіп, ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын! –деді.

   Одан соң Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының теолог маманы Ә.Жәнібеков тарауих намазын оқыды.

   Жамағатқа Қаратөбе ауданы жергілікті уақыты бойынша ораза ұстау уақыты кестесі үлестірілді.

www.zhaikpress.kz

ҚАРАТӨБЕ АУДАНЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале