31.05.2016, 16:43
Оқылды: 29

Үш жақты байланыс - жас маманды нақты қолдау

wingirlau kollejБүгін Шыңғырлау ауданында Қаратөбе ауданының колледжі ұжымы мен оқушылары оқу-тәжірибелік сапармен келді. «Кәсіптік білім беруде үш жақты байланыс» тақырыбында тәжірибе алмаса келген қаратөбелік білім ошағы Шыңғырлау колледжінің өндірістік оқу орындарын аралап, шеберханаларымен танысты, материалдық қамтылу жағдайына қанығып, жастардың спорттық салада күш сынасуына жол ашты. Сондай-ақ аудан орталығының ажарымен танысып, көрікті мекеннің келбетіне тәнті болды.


 Колледж студенттері спорттық жарыстардың волейбол, футбол, қол күресі, үстел теннисі, гір тасын көтеру сынды түрлерінен бәсекеге түсіп, оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері осы тақырыптағы дөңгелек үстелде бас қосты. Дөңгелек үстелге Шыңғырлау колледжінің әкімшілігі тарапынан аудан әкімінің орынбасары Қ.Айтмұхамбетов, әлеуметтік серіктестер, яғни, бүгінгі таңда колледждің оқушыларын дуальды оқыту жүйесі бойынша өндірістік тәжірибеден өтуіне қолдау көрсетіп отырған шаруашылық құрылымдары басшыларын, аудандық кәсіпкерлік палатасы өкілі мен кәсіпкерлік бөлім басшылығын, осы оқу орнын бітіріп, бүгінгі таңда лауазымды қызметтер атқарып жүрген азаматтар шақырылды.

wingirlau kollej (1)Отырыста колледждің оқыту жүйесіндегі жаңашыл әдістемелер, дуальды оқыту бойынша жүргізіліп отырған жұмыстар барысы мен оның нәтижелері, аудандағы осы бағытта жасалып отырған қамқорлық пен қолдау, серіктестік бағытындағы жобалар мен тың бастамалар ортаға салынып, әр түрлі тақырыптағы пікірлер айтылды, ұсыныстар тыңдалды. Кәсіптік білім беруде үш жақты байланыс- әлеуметтік серіктестік, оқу орыны және түлектер арасындағы ортақ мәміле, бірлесе қимылдап, бір мақсатқа жұмылу Шыңғырлау колледжінде басты ұстанымға негізделген меже.

Аудан әкімінің орынбасары Қ. Айтмұхамбетов балаларды даярлау, маман етіп шығару, әсіресе, қоғамға жұмысшы мамандар беру бүгінгі уақыт талабы. Сондықтан бұл өте орынқты, аса қажет шара. Өзге оқу орындарының тәжірибесімен танысу, үйрену, тәжірибе алмаса отырып байланыста жұмыс жасау- нақты нәтиже береді. Айта кетер мәселе көп, саладағы қиындықтар мен кейбір мәселелер тығыз байланыса отырып, әрекет етуде шешімін табады,- деп атап өтті. Ортақ мақсаттың толғандыратын тұстары- материалдық базаның қамтылуы, жаңа мамандықтар сыныбын ашу және оған қажетті жағдайлар, әлеуметтік серіктестер пікірі мен білім алып шыққан түлектерді орналастыру мәселелері болып отыр. Қаратөбелік қонақтар да бұл тақырыпты қуаттай отырып, 55 жылдық тарихы бар Шыңғырлау колледжінен үйренеріміз көп, түйгеніміз де аз емес деп түйіндейтінін жеткізді.

-Ауданыңыздың тарихы бай, жері көркем. Бұл біздерді, біздің жастарымызды аса қызықтырады. Бұл сапарда жол-жөнекей аңыздарға өзек болған Қыземшек тауында болып, тамашаладық.  Елге қайту сапарында Торатбасы тауын да оқушыларымызға көрсеткіміз келеді. Ал, негізгі мақсат, осы Шыңғырлау колледжінің тыныс- тіршілігімен танысу. Әдіс-тәжірибесін көру, үйрену болатын, ол мақсат орындалды, өзімізге қажетті көп мағлұмат алдық. Әсіресе, дуальды оқыту жүйесінің біртіндеп оқу үрдісіне енгізілу тәсілі, шаруашылық құрылымдарының серіктестік қабілеті, олардың сан салалы құрылымының берер мүмкіндігі бізді қатты қызықтырады. Әсіресе, мал шаруашылығын да, құс фермасын да дамытып, құрылыс нысандарын салуда колледж оқушыларын өндірістік тәжірибеден өткізуге үлкен мүмкіндіктер беріп отырған «Ғайни» шаруашылығына тәнтіміз. Ауданымызда осы бағытта жұмыстануды ойластыратын боламыз,- дейді Қаратөбе колледжінің директоры Мәулен Салахаддинов.

Дөңгелек үстел соңы жарыс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі және аудан өнерпаздарының шағын концерттік бағдарламасымен жалғасты.

www.zhaikpress.kz

Қаршыға Елемесов

Шыңғырлау ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале