8.04.2016, 18:05
Оқылды: 25

Ұлттық теңгедегі депозиттердегі салымдарының пайыздық сыйақы мөлшерлемесі 10-нан 14%-ға өсті

 Satibaldina        ҚР Ұлттық банкінің Батыс Қазақстан филиалында қаржы нарығындағы жағдай тақырыбына арналған баспасөз мәслихаты өтті.

     Елімізде экономиканың долларға тәуелділігін төмендету, ішкі нарықтағы айналымы мен әсерін  шектеу шаралары қолға алынуда. Дедолларизация үрдісінің көздегені  - тұрғындардың теңгеге, төл валютамызға деген сенімін нығайту, теңгелік депозиттердің тартымдылығын көтеру. Биылғы 1 ақпаннан бастап жеке тұлғалардың ұлттық теңгедегі депозиттердегі салымдарының пайыздық сыйақы мөлшерлемесі 10-нан 14%-ға өсіп, шетелдік валютадағы депозиттер мөлшерлемесі 3-тен 2 %-ға төмендетілді.


     Биылғы 28 наурызда Мемлекет басшысы Н.Назарбаевпен кездесуде Ұлттық банк төрағасы Д.Ақышев күллі еліміз бойынша депозиттерді дедолларизациялау процесінің басталғанын мәлім етті.

     -Осы жақсы үрдіс біздің өңірімізге де тән. 2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ұлттық валютадағы депозиттердің үлесі 28,1%-ды құраса, 1 наурыздағы мәлімет бойынша 31,7%-ға (республика бойынша 22,7%) жетті. 1 қаңтардағы жағдай бойынша тұрғындардың салымдарының жалпы көлеміндегі теңгелік депозиттердің үлесі 31,8%-ды, ал 1 наурызда 35,6%-ды (республика бойынша 18,3%) құрады,- деді Ұлттық банктің БҚ филиалының директоры Ғалия Сатыбалдина.

      Банк филиалының мәліметі бойынша, биылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша депозиттердің жалпы шамасы - 164 млрд. 447 млн. теңге. Оның ішінде ұлттық валютада сақталғаны 52 млрд. 65 млн. теңгені, шетелдік валютадағысы 112 млрд. 382,4 млн. теңгені құрады. Тұрғындардың ұлттық валютадағы депозиттеріндегі жинағы 44 млрд. 378,6 млн. теңге, шетелдік валютадағы жинағы 80 млрд. 394,2 млн. теңге болды. Биылғы 2 айда екінші деңгейдегі банктердің филиалдарымен 12 млрд. 083 млн. теңге, соның ішінде 10 млрд. 733,7 млн. теңге (88,8%) ұлттық валютамен, 1 млрд. 349,3 млн. теңге шетел валютасымен (11,2%) несие берілді. Екі айдың ішінде несиенің басым (53%-ы)  бөлігін, яғни 6 млрд. 398,7 млн. теңге заңды тұлғаларға, 5 млрд. 684,3 млн. теңге (47%-ы) жеке тұлғаларға рәсімделді. Соның ішінде шағын кәсіпкерлік субьектілеріне берілген несиелердің үлес салмағы 9%-ды құрап, өткен 2 айда 1 млрд. 81,8 млн. теңгені құрады.

     Ғалия Камшатқызының айтуынша, банктердің филиалдарымен 2 айда 403,7 млн. теңге шамасында несие берілген, бұл өткен жылдың сәйкес мерзіміндегі берілген несие көлемінен үш есе аз. Несие тек ұлттық валюта түрінде рәсімделді. 1 наурыздағы мәлімет бойынша, ипотека бойынша мерзімі өткен несиелік қарыз 180,9 млн. теңгені, соның ішінде ұлттық валютада 41 млн. теңгені, шетел валютасында 139,9 млн. теңгені құрады. 1 наурыздағы жағдай бойынша,  банктердің несиелері бойынша мерзімі өткен қарыз шамасы 12 млрд. 988,1 млн. теңге болды. Сондай-ақ шағын кәсіпкерлік субьектілерінің қарызы 2 млрд. 914,6 млн. теңгені (мерзімі өткен қарыз көлемінің 22,4%-ы) құрады.

      Басқосуда мәлім болғанындай, ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша облыстағы ЕДБ филиалдарына (1 сәуір 2016 жылғы жағдай) 596 өтініш түсті, оның 364-і қайта қаржыландыруға мақұлданып, 326-сы қайт қаржыландырылған. Бағдарламаның ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында облыстық әкімдік жанына құрылған комиссияға банктерден қайта қаржыландыруға өтпей қалған азаматтардан түскен 25 шағым қаралған.

www.zhaikpress.kz

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале