6.12.2019, 17:36
Оқылды: 65

Әдеп жөніндегі кеңес отырысы өтті

5 желтоқсанда өткен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысында мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылық мәселесіне қатысты іс қаралды.

jemqorly (1)

 Батыс Қазақстан облыстық көліктік бақылау инспекциясының қызмет нәтижелері мен Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысына қатысты тәртіптік іс қаралды. Әрі Әдеп жөніндегі кеңестің 2020 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды.

Алдымен Кеңес отырысында мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы мәселесі аясында Батыс Қазақстан облыстық көліктік бақылау инспекциясы қызметіне жүргізілген тексеру нәтижелері қаралды.

Оның қорытындысында Кеңес тарапынан мемелекеттік орган басшысы атына анықталған заң бұзушылықтарды жою және оларды алдағы уақытта болдырмау мәселесіне қатысты дәйекті шаралар қабылдау жөнінде ұсыныс беру туралы шешім қабылданды.

 Одан кейін облыстық прокуратураның ұсынысы негізінде Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген Батыс Қазақстан облысының 42 елді мекенін жер асты суымен қамту үшін іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізуге қатысты жарияланған ашық конкурстың нәтижесіде жеңімпаз деп танылған заңды тұлғамен келісім-шарт жасасуға тыйым салу жөнінде шығарылған сот ұйғарымына қарамастан шарт жасасу фактісі бойынша аталмыш басқарма басшысы Ринат Шауеновтің тәртіптік ісі қаралды. Тәртіптік іс материалын қарау соңғының іс әрекетінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық белгілері анықталмауына байланысты Кеңес көпшілік дауыспен тәртіптік істі тоқтату туралы шешім қабылдады.

 Кеңес соңында 2020 жылға арналған жұмыс жоспары және азаматтарды қабылдау кестесі бір ауыздан мақұлданды.

Әдеп жөніндегі кеңес  хатшылығы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале