Футболдан Қазақстан чемпионатының бірінші Лигасында өнер көрсететін «Ақжайық» командасы маусым алдындағы дайындығын пысықтау мақсатында Түркияға аттанды. Команда оқу-жаттығу жиынын өткізіп, құрамын нақтылайтын болады.
Премьер Лигаға қайта оралуды мақсат еткен клуб жаттығу жиындары барысында бірнеше шетелдік клубпен жолдастық кездесу жоспарлаған. Сондай-ақ қаралымға келген ойыншыларды да тексеріп көрмек.
Түркияға оқу-жаттығу жиынына «Ақжайық» ойыншылары: қақпашылар Александр Удалов, Сергей Ткачук , қорғаушылар Бауыржан Омаров,Максим Литвинов, Арман Мұрат, Евгений Рафиков, Владимир Покатилов, жартылай қорғаушылар Руслан Хаиров, Магоммед Оджиев, Шыңғыс Сапарбекұлы, Әділет Болатов, шабуылшылар: Алексей Мальцев, Ержан Ибрагимов, Даниил Кочнев аттанды.
«Ақжайық» футбол клубының баспасөз қызметі