27.08.2025, 16:15
Оқылды: 805

Батыс Қазақстан облысының әкімі Прагада Кеңес Одағының Батыры Мәжит Жүнісовтің зиратына гүл қойды

Чех Республикасына жұмыс сапары аясында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өңір тумасы, Кеңес Одағының Батыры Мәжит Жүнісовтің рухына тағзым етті. Аймақ басшысы Прага қаласындағы Ольшан зиратында жерленген батырдың бейітіне гүл шоқтарын қойып, ерлікке толы өмір жолына құрмет білдірді.
WhatsApp Image 2025-08-27 at 16.52.31 (1)
Облыс әкімі Мәжит Жүнісовтің ерен ерлігі – Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қазақстандық жауынгерлердің қаһармандығы мен отансүйгіштігінің жарқын көрінісі екенін атап өтті.
WhatsApp Image 2025-08-27 at 16.52.31
Мәжит Жүнісов 1917 жылы 21 қыркүйекте қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданына қарасты Новая Казанка ауылында дүниеге келген. 1941 жылдан бастап майдан даласында жанқиярлықпен шайқасып, батырлығы мен ержүректігінің арқасында Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Ол Шығыс Еуропадағы ұрыстарға, соның ішінде Чехословакияны азат ету мен Праганы босату шайқастарына белсене қатысқан.
WhatsApp Image 2025-08-27 at 16.53.23
«Жерлесіміз Мәжит Жүнісов болашақ ұрпақтың бостандығы үшін жанын пида етті. Біз үшін оның ерлігін ұмытпай, жастарға жеткізу маңызды. Бұл – нағыз патриотизм мен Отанға адалдықтың үлгісі», – деді Нариман Төреғалиев.
Гүл қою рәсімі Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен өтті. Бұл шара Батыс Қазақстан облысы делегациясының сапар бағдарламасындағы маңызды сәттердің бірі болды.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале