13.03.2019, 17:45
Оқылды: 21

Білім министрі Оралдағы инновациялық ВІМ орталығымен танысты

Бүгін БҚО-ға жұмыс сапарымен келген ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшиденова Оралдағы жоғары агротехникалық колледжде болып, инновациялық BIM орталығының жұмысымен танысты.

smeta-na-stroitelstvo-doma1

         Колледжде ғимараттың пішінін үш өлшемді модельдеу әдісімен жобалайтын кешен іске қосылған.

         Отандық құрылыс саласын еуропалық стандарттарға негіздеуге бағытталған жобаны жандандыру үшін 12 оқытушы Финляндияда оқып, білім-біліктілігін жетілдірген.

         Министрге колледж директоры Серік Мұхамбетәлиев 3D жобалау бойынша құрылыс нысанының сапасы мен беріктігін қамтамасыз ету мүмкіндігі жайында әңгімелеп берді.

         Одан кейін жаңа технологияны қолдану арқылы оқытушылар жобалаған студенттер жатақханасының жобасы көрсетілді. Сондай-ақ финдік жобалаушылар ұсынған қаланың шағын ауданының құрылыс нысандары жобасы виртуалды пішінде экраннан көрініс тапты.

         -Биылдан бастап бакалаврға студенттерді даярлау негізінде құрылыс мамандарын оқытуды бастадық. Енді мұнайгаз саласы мамандарын да BIМ технологиясына оқытуымыз керек, -деді С.Мұхамбетәлиев.

         Ол министрге жаңа технологияны оқыту жұмыстарына ғимаратты жылыту, жарықтандыру сынды жұмыстармен айналысатын мамандықтарға оқытатын оқытушыларды қосу қажеттігін айтты. Өйткені ғимаратты жобалау жұмысы барысында ондай мамандардың өз саласы бойынша білім-біліктілігін пайдаланған жөн.

         Күләш Шәмшиденова бұл жобаның қажеттілігін, колледжде жақсы жұмыс басталғанын атап өтті. Сонымен қатар ол елімізде 2020 жылдан бастап жобалау жұмыстарында осы 3D жобалаудың қолданылатынын, ал дамыған елдердің 7D технологиясына көшкенін, сондықтан заман ағымынан қалмауымыздың маңыздылығын айтты.

Гүлбаршын Әжігереева,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале