12.11.2019, 11:49
Оқылды: 315

Биыл БҚО-да 4,6 мың тонна ет экспортталған

Бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиевтің Нұр-Сұлтан қаласындағы орталық коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз брифингі өтуде.

 

Облыс әкімінің сөзінше биыл ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 118 млрд. теңгеге жетіп, көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2%-ға артқан.

-Бүгінде мал шаруашылығы өңір агробизнесінің негізгі бағыттарының бірі. Облысымыз етті бағыттағы ірі қара малын өсіруде республика екінші орында. Былтыр етті ірі қара 495 мыңға жетіп, көрсеткіш 8%-ға өскен. Биыл мал басын көбейту мақсатында 15 мың басқа арналған бордақылау алаңы ашылды.

Биыл 4,6 мың тонна ет экспортталды. Республика бойынша ірі қара етін экспорттауда облыс екінші орында, ал қой етін экспорттауда бірінші орында тұр.

Өңірде көкөніс өнімінің көлемін арттыру үшін жылыжайлар құрылысын бастадық. Жыл соңына қарай 6 гектарға жуық жерді алып жатқан заманауи жылыжай іске қосылады. Тағы да 12 гектар жер жылыжайдың құрылысы басталмақ. Сонымен қатар максималды қосымша құн алу үшін өңірде жылдың аяғына дейін ірі қара және ұсақ мүйізді мал терілерін қайта өңдейтін және қуаттылығы ауысымына 600 дана болатын цех ашылады.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале