14.05.2020, 18:40
Оқылды: 132

#Bizbirgemiz республикалық акциясы аясында қарқынды жұмыс атқарылуда

Джахангир Сансызбайдың волонтерлік іспен айналысқанына 3 жылдай уақыт болған. Осы жылдар арасында ерекше есте қалған ірі жоба "Ақжайық жастарының 3 шақырылымы" жобасы дейді.

IMG-20200514-WA0103

-Еріктілердің ісі қызықты. Ол іспен айналысудың өз кереметі бар. Соңғы уақыттағы төтенше жағдайға байланысты #Bizbirgemiz республикалық акциясы аясында жасотандық достарымызбен төтенше жағдайға байланысты қарқынды жұмыс атқарып жатырмыз. Қарапайым адамдарға қол ұшын созып көмектесу жасотандықтардың негізгі мақсаты деп айтуға болады. Еріктілер жылында жасалып жатқан жұмыстар жастардың бойына рухани азық әкелетіні сөзсіз.

Ерікті болу - үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Баршамызға белгілі, 2020 жыл мемлекет басшысының қолдауымен "Волонтерлар жылы" болып бекітілді. Еріктілер осы жылдың бастауында төтенше жағдай кезіндегі тынымсыз еңбектерінің нəтижесін көрсетіп жатыр. БҚО облыстық "Жас Отан" жанындағы Жас саясаткерлер мектебінің мүшелері осы төтенше жағдай уақытында біріге қызмет атқаруда.

Еріктілердің белсенділігі бір ғана атаулы жылдың шеңберінде ғана емес, алдағы уақыттың барлық белесінде көрінетін болады. Алдағы уақытта кең көлемді жоспарлы жобаларымызды жүзеге асырамыз.

Осы орайда барша Ақжайық жастарын ерікті болуға шақырамын. Жүректегі жылуымызды жоғалтпайық! - дейді оралдық ерікті, "Jas Otan" Жастар қанаты жас саясаткер мектебінің мүшесі Джахангир Қанатұлы.

 

Гүлмира Сәрсенғали,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале