4.03.2019, 20:20
Оқылды: 23

БҚО-да 21 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілмек

Бүгін «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Алтай Көлгіновтің төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының активі өтті. Жиынға партияның аумақтық филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары, облыстық және қалалық мәслихаттардың «Nur Otan» партиясынан сайланған депутаттары, фракция жетекшілері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері, облыстық мемлекеттік атқарушы органдар басшылары қатысты.

Kulginov

- «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде партия төрағасы, Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Біздің ұстанымыз – татулық пен тыныштық, ұранымыз – береке мен бірлік, тәуелсіз Қазақстанның арқа сүйейтін тірегі – баянды бейбітшілік пен келелі келісім» Президент халықтың тұрмыс сапасын одан әрі жақсартуға бағытталған нақты тапсырмалар берді. Сипаты жағынан әлеуметтік бағытқа көп көңіл бөлінген жиында қоғамда жиі талқыланып жүрген аз қамтылған және көп балалы отбасыларға жәрдемақы мәселесі шешімін тапты. Елбасы тапсырмаларын сапалы әрі уақтылы жүзеге асыруға бар күш-жігерді жұмсауымыз қажет. Тұрғындардың өмір сүру деңгейін арттыру – жергілікті атқарушы органның басты міндеті бола бермек. Әсіресе, аз қамтылған, көп балалы отбасылар басты назарда болады. Десе де, біз жастарды еңбекке баулуға мән беріп, жалқаулыққа бой үйретіп алмауды да қаперде ұстауымыз қажет. Партия төрағасы Н. Назарбаев еңбек қоғамындағы еңбек адамдарының рөлі туралы ерекше атап өтті. Азаматтарды жұмысқа тартып, біліктілігін арттыру, қайта даярлаудан өткізу – жұмыла жүріп атқаратын борышымыз. «Nur Otan» партиясы қоғамдағы ең өзекті мәселелерді дөп басып анықтап, азаматтарға қолдау танытуы үшін жұмыстануымыз қажет. Осы орайда, партия филиалдарындағы қоғамдық қабылдаулар мен түрлі деңгейдегі әкімдердің жеке қабылдаулары, жүйелі түрде ұйымдастырылатын «Ашық әкімдік» шарасының маңызы орасан зор болмақ, - деді Алтай Көлгінов.

Алтай Сейдірұлының мәлімдеуінше, съезде айқындалған міндеттерді өңірде жүзеге асыру мақсатында іс-шаралар кешені жасақталып, мерзімі мен қаражат көлемі нақтыланған. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Бибігүл Қоныспаева жан-жақты баяндап берді.

-«Nur Otan» партиясының кезекті съезінде елдегі әлеуметтік саясаттың маңызды үш бағыты айқындалды. Алғашқысы, халықтың әл-ауқатын арттыру мен жағдайы жұтаң отбасылардың тұрмысын тіктеу. 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап күнкөріс деңгейі төмен және аз қамтылған көп балалы отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету механизмі өзгереді. Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа тұжырымдамасына орай облыста 21 мың адам, соның ішінде 12 мың бала қамтылатын болады.

nur otan (4)

Біріншіден, кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ын құрайтын болады. Оның көлемі жоғарыда айтқан 14 849 теңгеден 20 789 теңгеге артады.

Екіншіден, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасының әр баласына 20 789 теңге көлемінде кепілдендірілген төлем төленеді. Аталған жәрдемақы 18 жасқа дейін, егер балалар жоғары оқу орындарында оқитын болса, 23 жасқа дейін беріледі.

Үшіншіден, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін отбасының жиынтық табысын есептеген кезде 4 және одан да көп балалары бар отбасыларға берілетін арнаулы әлеуметтік жәрдемақы (10 504 теңге), «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлеріне берілетін жәрдемақы (16 160 теңге), мүгедек балаға берілетін жәрдемақы және шәкіртақы сынды жекелеген жәрдемақылар есепке алынбайды.

Төртіншіден, әлеуметтік көмек тағайындаудың барлық үдерістері барынша жеңілдетіледі. Оған қоса, облыстағы 18 жасқа дейінгі мүгедек бала тәрбиелеп отырған 2500 ата-ананың жәрдемақысы 30 пайызға артып, 38 605 теңгені, ал І топтағы мүгедек баласын бағып отырған 538 ата-аналардың жәрдемақысы 40 538 теңгені құрайды.

Сонымен қатар облыстағы төмен жалақы алатын 56 мыңнан астам бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға, аудандық және облыстық деңгейде азаматтармен тікелей жұмыс істейтін, төмен жалақы алатын 2000-ға жуық қызметкерлердің еңбекақысы 25% өседі,-деді Бибігүл Тишанқызы.

Динара Жұмабекқызы,

суретке түсірген Темірболат Тоқмамбетов

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале