20.12.2019, 17:34
Оқылды: 107

БҚО-да энергетика саласы қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Желтоқсанның үшінші жексенбісі энергетиктердің кәсіби мерекесі. Бүгін жылдағы дәстүрмен облыстық филармония залында аймақты жылу әрі жарықпен қамтамасыз етіп отырған сала қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Мерекеге орай өткізілген шараға облыс әкімі Ғали Есқалиев қатысты.

energetika kuni (9)

-Маңызы зор энергетика саласы еліміздің экономикасының алтын өзегі, әрі қозғаушы күші болып саналады.Біз қаланың, көшелер мен аулаларды, әр үйдің жарқырап тұрғанын қалаймыз. Ал оның барлығы осы энергетиктердің орасан зор еңбегі. Тәуелдсіздік алған алғашқы жылдардағы қиындықтарды сала ардагерлері естен шығармаған болар. Ол кездері біздің өңір 95 % энергия көзін көршілес елдерден алатын еді. Егемендігіміздің және Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында еліміз еңсесін тіктеп, өңірге қажетті энергия көзін өндіретін станциялар салынды. Бүгін біздің облыс энергиямен өз-өзін толықтай қамтып, тіпті көрші елдерге экспортқа да шығарудамыз. Қыс мезгілінде өңір тұрғындарын жылумен қамтитын мекемелердегі жұмысшылардың да еңбегі зор. Биылғы жаз айларындағы қатты желдердің салдарынан электр бағандары құлап, қаладағы шағын аудандар мен кейбір елді мекендер жарықсыз қалды. Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің арқасында барлығы уақтылы қалпына келтірілді. Жергілікті халықтың сапалы өмір сүруі сіздердің еңбектеріңізге тікелей байланысты. Сондықтан барша қазақстандықтардың атынан энергетика саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс тілеймін, - деді Ғали Есқалиев.

energetika kuni (7)

Мерекеге орай бір топ сала үздігіне әртүрлі дәрежедегі төсбелгілер мен облыс әкімінің алғыс хаттары табыс етілді. Қазақстан Энергетика Министірлігі атынан Валентина Обухова «Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медалімен, Максим Идрисов «Еңбек сіңірген энергетик» төсбелгісімен, Юрий Иртикеев «Құрмет грамотасымен» марпатталды.

Нұрбек Оразаев

суретке түсірген Мейірбек Тажкуранов

zhaikpress.kz

energetika kuni (6) energetika kuni (8) energetika kuni (10) energetika kuni (11) energetika kuni (12)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале