16.09.2019, 10:38
Оқылды: 1190

БҚО-дағы Цифрлық даму министрлігіне қарасты мекемелер экочелленджде 5 тонна қоқыс жинады

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясына қолдау білдіріп, республикамыздың әр аймағында тазалық шараларын өткізді. Республикалық чэлленджге министрлікке қарасты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы АҚ, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ  «Қазақтелеком» АҚ, «Қазақтелерадио», АҚ, РМК «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» қызметкерлері қатысты. Акцияға БҚО бойынша 300-дан аса қызметкер қатысып, олар 3 мың шаршы метр жерді тазартып, 5 тонна қоқыс шығарды.

ekocheleng (3)

Республикалық деңгейде өтіп жатқан акция қоршаған ортаны қоқыстан тазартып, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған.

-Біз әріптестерімізбен Жайық өзені жағасын, 1 және 2 саяжай аймағындағы жол бойын тазарттық. Қызметкерлеріміз туған жерді көркейтуге өзіндік үлес қосып жатыр. Ғасырлар бойы ыдырамайтын пластик сияқты қоқысты жинау – өте маңызды. Өңір тұрғындарын осындай тазалық акциясын қолдауға ғана емес, айналаны таза ұстап, қалдықтарды тастамауға шақырамын, - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиал директоры Марат Бассаров.

ekocheleng (6)

Маңызды экологиялық шараны мемлекеттік корпорацияның барлық аудандағы филиалдары қолдады. Экочелленджге елімізге танымал батысқазақстандық әншілер Марат Сарбөпеев, Майра Хайдарова, Жаскелең Ғайсағалиев тазалық челленджін қолдап, сенбілікке қатысты.

ekocheleng (4) ekocheleng (5) ekocheleng (9) ekocheleng (7)

855602c3-b2ff-4ead-b589-1f3d0cce515f ekocheleng (10) ekocheleng (2) ekocheleng (11) ekocheleng (1)

musor

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале