15.04.2019, 11:14
Оқылды: 96

БҚО ішкі мемлекеттік аудит департаменті бюджетке 15,8 млн.теңге айыппұл өндірді

Батыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті алға қойылған міндеттер мен функциялар негізінде 2018 жылы келесі негізгі бағыттармен жұмыс жүргізді. Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сәйкестігіне аудит, бухгалтерлік есеп саласындағы қаржылық есептілік және қаржылық есептілік аудиті.

m

         Жүргізілген аудиторлық іс-шаралар қорытындысымен барлығы 6046,4 млн. теңге сомасында бюджет және басқа заңнамалардың бұзушылығы анықталды.

2018 жылғы есептік кезеңі бойынша қабылданған шаралармен тиісті сомалардан тауарлармен, жұмыстармен, қызметтермен және бухгалтерлік есеп бойынша 649,7 млн.теңге қалпына келтірілді. Бюджет кірісіне 5,5 млн.теңге өтелді.

Сонымен қатар 4832,3 млн.теңге мемлекеттік сатып алу туралы заңнама бұзушылығы анықталды.

Департаментпен мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманы сақтау бойынша жүргізілген аудиторлық іс-шаралар қорытындыларына сай 460,9 млн.теңгеге 69 мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің қорытындылары жойылды.

Сондай-ақ департаменттен мамандар бөлініп құқық қорғау органдарының тергеу тексеру материалдарына 73 қорытынды берілді.

Бақылау іс-шаралары қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 188 ұйғарым енгізілді. Жіберілген бұзушылықтар үшін тексерілген бақылау нысандарының 155 қызметкері тәртіптік жазаға тартылды.

Бақылау нәтижелері бойынша қабылданған шаралармен ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексіне сәйкес бюджеттік және басқа заңнамалардың бұзылғаны үшін 2018 жылға департаментпен 423 әкімшілік іс қозғалды. Соның ішінде бухгалтерлік есеп бұзушылығы саласында 21 және мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамасының бұзушылығы саласында 367 әкімшілік іс қозғалды. Салынған айыппұл - 18,6 млн.теңге. Соның ішінде бюджет кірісіне 15,8 млн.теңге немесе 85 пайызы өндірілді.

Процессуалды шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына 897,2 млн.теңгеге 27 материал жолданды.

Батыс Қазақстан облысы

бойынша ішкі мемлекеттік аудит

департаментінің басшысы И.Ж.Есдавлетов

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале