6.07.2023, 11:20
Оқылды: 1178

БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тауарларға сатып алу бағасын көтеру фактілерінің алдын алды

Мемлекеттік сатып алу жоспарының мониторингі барысында тауарларға сатып алу бағасын көтеру фактілері анықталды. Бұл туралы БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

3d7295b533efe8abccfd90e7794b5f8a_original.85167

Фотоның дереккөзі: gov.kz

Демалыс орталығы жалпы сомасы 16 500 000 теңгеге 30 дана ноутбук сатып алуды жоспарлады.
Бұл ретте, осы тауардың медианалық бағасы 219 000 теңгені құрады. Осылайша, кәсіпорын сатып алу сомасын екі есе арттырды.
Департаменттің ұсынысы бойынша демалыс орталығы мемлекеттік сатып алу жоспары тармағының бағасын қайта қарап, 9 930 000 теңге сомасына бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылуына жол бермеген.
Жалпы сомасы 2,5 млн теңгеге 50 мың теңге бағамен 50 дана көлемінде доп сатып алуды жоспарлаған спорт клубының мемлекеттік сатып алуларын жоспарлау кезінде осындай бағаны көтеруге жол берілген.
Бұл ретте, осы тауардың орташа бағасы 5 900 теңгені құрады.
Департаменттің ұсынымынан кейін спорт клубы тауардың сатып алу құнын қайта қарап, бюджетке 2 050 000 теңге үнемдеді.
Жалпы, жыл басынан бері мемлекеттік сатып алу жоспарларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингі нәтижесінде тауарлардың сатып алу құны 1,9 миллиард теңгеге азайды.

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале