21.06.2026, 10:00
Оқылды: 57

«Digital Qazaqstan»: Ақпараттық қауіпсіздік саласының болашақ мамандары іріктелді

Қазақстанда «Red Team & Blue Team Cyber Academy» білім беру бағдарламасына іріктеу қорытындыланып, «Ұлттық киберқалқан» CTF-турнирінің нәтижесі бойынша грант иегері атанған қатысушылармен салтанатты кездесу өтті, деп хабарлайды ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

_gluster_2026_6_19_e6c53bac7f4800acab53017d5dc6ce65_1280x720

Фото: gov.kz

Вице-министр Досжан Мұсалиевтің қатысуымен өткен іс-шара бұл жобаға деген сұраныстың жоғары екенін көрсетті: еліміздің барлық өңірінен 1567 өтінім түсіп, оның ішінен 361 қатысушы турнирде бақ сынады. Сайыс қорытындысы бойынша ең үздік нәтиже көрсеткен 100 жеңімпаз тегін оқу грантына ие болды.

Бұл білім беру бастамасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Astana Hub серіктестігіндегі Tech Orda бағдарламасы аясында және «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ-ның Interactive range платформасы негізінде жүзеге асырылуда. Жобаға IT саласында базалық құзыреті бар 18 бен 45 жас аралығындағы азаматтар қабылданды. Енді стипендиаттар алты ай бойы қарқынды онлайн форматта білім алады.

_gluster_2026_6_19_909c1ce85a030c30c7a5a214ab0946be_1280x720

Кездесу барысында вице-министр Досжан Мұсалиев жобаның «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы аясындағы маңызына тоқталып, білікті кадрларды даярлау мемлекеттің цифрлық егемендігінің негізі екенін баса айтты. Оқу бағдарламасы екі негізгі бағытты қамтиды: жүйені тестілеуден өткізуге бағытталған Red Team және оны бақылау мен қорғау дағдыларын дамытатын Blue Team бағыты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале