13.12.2019, 12:22
Оқылды: 68

Досаев: "Елде ет пен нан қымбаттауы мүмкін"

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Қазақстанда алдағы уақытта ет пен нанның қымбаттауына не себеп болатынын айтып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

подорожпние

«Қарашада жылдық инфляция біздің күткенімізден төмен қалыптасып, 5,4 пайыздық көрсеткіште болды. Мұндағы өсімді азық-түлік тауарлары қосып отыр. Олар бір жылда 9,7 пайызға қымбаттады. Нан-тоқаш өнімдері мен жарма бағасының 15,5 пайызға, ет және ет өнімдерінің 13,4 пайызға, балық пен теңіз өнімдерінің 12,2 пайызға өсуі ерекше байқалады», - деді Досаев бүгінгі Үкімет отырысында.

ҰБ төрағасының айтуынша, халық кірісінің ұлғаюы аясында ішкі сұраныстағы өсім мен фискалдық ынталандырудың сақталуы – инфляция өсімінің негізгі тәуекелдері болып отыр.

«Қысқа мерзімді кезеңде азық-түліктің кейбір түрлері, атап айтқанда, дәнді-дақылдардың, сондай-ақ ЕАЭО шеңберінде жаңа талаптардың енгізілуі аясында сүт өнімінің қымбаттауына байланысты ет пен нан қымбаттауы мүмкін», - деді ол.

Айта кетейік, банк төрағасы биылғы 1 желтоқсандағы алдын ала мәлімет бойынша, Ұлттық банктің алтын валюта резервтері 28,7 млрд. АҚШ долларын құрағанын мәлімдеген еді.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале