5.09.2026, 16:00
Оқылды: 35

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Отандық шабандоздар алтын медаль еншіледі

ҚР Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өткен 300 шақырымдық алыс қашықтықтағы ат жарысында (жорық) Қазақстан құрамасы топ жарып, 1-орынды жеңіп алды.

IMG_20260905_112205_744

Фото: Turizm_jane_sport_ministrligi

​Отандық шабандоздар төрт күнге созылған ауыр қашықтықты еңсеріп, мәре сызығын бірінші болып қиды. Жеңімпаз құрама сапында Ержан Ернар, Төлебай Жарас, Ыдырыс Жақсылық, Реимбай Қанат және Есен Ахмет өнер көрсетті.

Екінші және үшінші орындарды Қырғызстан құрамалары өзара бөлісті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале