Биыл "Junior Eurovision" байқауы 17-ші рет ұйымдастырылса, Қазақстан екінші рет қатысты.
Күллі қазақ елі байқауды тікелей эфирде "Хабар" арнасынан тапжылмастан қарады десек, артық болмас. Өйткені Ержан Қазақстанның намысын қорғады.
Айта кетейік, байрақты сайыста Ержан Максимге қазылар алқасы ең жоғары ұпай берді. Ал көрермен берген дауыспен қосқанда екінші орынға ие болды.
Халықаралық байқауда Ержан сөзін Данияр Алдабергенов, музыкасын Хамит Шаңғалиев жазған "Арманыңнан қалма" әнін орындады.
zhaikpress.kz