11.11.2019, 11:24
Оқылды: 51

ІІМ өз мәліметтер базасын мемлекеттік органдармен біріктірді

Елімізде 1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасы берілмейтін болып қабылданған еді. Енді жұмысқа орналасқан кезде мекенжай анықтамасын қалай алуға болады? Коммуналдық қызмет төлейтін зейнеткерлер тұрғылықты мекенжайында қанша адам тіркелгенін қайдан біле алады? Әсіресе, ұялы телефон ұстамайтын, электронды қолтаңба дегенді біле бермейтін зейнеткер аналарымыз бен әкелеріміздің күні не болмақ?! Өйткені өңірдегі коммуналдық қызмет көрсететін мекемелер мекенжай анықтамасы мен тұрғын үйде неше жан тіркелгенін анықтайтын ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметтер базасына кіруге мүмкіндігі жоқ.

 adresnaya spravka

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО департаменті жанындағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөнінде құрылған  ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысында айтылды.

Орал қаласындағы тұрғындарға қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары Жанна Батырғалиеваның айтуынша, қағазбастылықтан арылу және мемлекеттік қызметті алу уақытын қысқарту мақсатында мекенжай анықтамасы енді талап етілмейді. ІІМ өз мәліметтер базасын мемлекеттік органдармен біріктірді, соның арқасында халыққа мемлекеттік қызмет көрсету механизмі жеңілдеді. Десе де қалалық коммуналдық мекемелерге қатысты тұрғындардың мекенжай анықтамасы төңірегінде әлі де шешілмеген түйін көп.

Гүлсезім Бияшева

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале