28.04.2021, 9:44
Оқылды: 127

Қазақстан БАӘ өндірілген "Hayat-Vax" вакцинасының партиясын сатып алды

«СҚ-Фармация» «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры АҚ ұжымын вакцинациялау үшін 1 000 000 доза мөлшерінде коронавирустық инфекцияға қарсы "Hayat-Vax" (SARS-CoV-2 (Vero Cell) вакцинасының партиясын сатып алды.

в

«Sinopharm» компаниясы вакцинасының бұл партиясы Бірыңғай дистрибьютордың хабтарына жөнелтілгеннен кейін бірінші кезекте холдинг контингентінің қажеттіліктері үшін пайдаланылатын болады.

Содан кейін "Hayat-Vax" вакциналарының қалған саны халық арасында вакцинация алғысы келетіндер үшін қолданылады. Аталған вакцина келесі кесте бойынша жеткізіледі:

- 2021 жылғы 30 сәуіріне дейін 400 000 доза;

- 2021 жылғы мамыр айында 600 000 доза

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале