22.04.2021, 20:22
Оқылды: 78

Қазақстан мен Ресейде өндірілген «Спутник V» вакцинасының айырмашылығы бар ма?

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халықты иммундау жөніндегі ұлттық консультативтік комиссиясының мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жаннат Сатыбалдиева Қазақстанда шығарылған «Спутник V» вакцинасына күмән келтіруге негіз жоқ екенін айтты.

в141

«Бұл тұрғыда алаңдауға негіз жоқ. Біріншіден, вакцинаның негізгі компоненті – ол Ресейде өндірілген «Спутник V». Ал Қарағанды фармацевтикалық кешенде атқарылатын кезеңдерге тоқталсақ, флакондарға құю, бөлшектеп өлшеу мен басқа да жұмыстар қамтылған. Яғни, осының барлығы вакцинаның сапасына әсер етпейді. Бұл зауыт аккредиттелген және тиісті өндірістік тәжірибе талаптарына сәйкес келеді», - деді Ж.Сатыбалдиева вакцина тақырыбына арналған онлайн талқылау барысында.

Осы орайда ол аталған зауыт заманауи технологиялармен жұмыс істейтінін атап өтті.

«Бұл тұрғыда алаңдап керек емес. Себебі ол биологиялық сипаттағы дәрілік препараттармен жұмыс істеу үшін арналған. Бұл өз кезегінде коронавирусқа қарсы вакцина шығаруға лайықты кешен. Зауыт жоғары сапалы жабдықтармен қамтамасыз етілген. Сондықтан сапа бойынша ешқандай айырмашылық жоқ. Осы орайда технологиялар трансфері ескерілген және мұндай ынтымақтастыққа қолдау білдірген жөн», - деді ғалым.

 

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале