13.12.2019, 12:32
Оқылды: 236

Қазақстанда ұлттық валютадағы депозиттер арта бастады

Қазақстанда депозиттік салымдардың көлемі 18,8 трлн теңгені құрайды. Бұл туралы бүгінгі ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2019 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша банк саласының жай-күйі туралы Ұлттық Банк төрағасы Ерболат Досаев баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

aksha

«Салымдардың көлемі қазан айының соңында 18,8 трлн теңгеге жетіп, жыл басынан бері 1,2 пайызға ұлғайды. Шетел валютасындағы салымдарды теңгелік депозиттерге ауыстыру жалғасып келеді. 10 айда ұлттық валютадағы салымдар 8,5 пайызға артты. Валюталық депозиттер 6,5 пайызға төмендеді. Нәтижесінде, депозиттердің долларлану деңгейі жыл басындағы 48,4 пайыздан қазанның қорытындысы бойынша 44,7 пайызға дейін төмендеді», - деді Ерболат Досаев.

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, жыл басынан бері жалпы кредиттік портфель қазанның соңында 3,1 пайызға, яғни 13,5 трлн теңгеге дейін өскен.

«Ұзақ мерзімді кредиттер портфелі 10 айда 3,9 пайызға - 11,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Жаңа кредиттер беру көлемі он айда 2018 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 13,2 пайызға ұлғайды», - деді Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале