19.04.2021, 9:02
Оқылды: 86

Қазақстанда вакцина салдырғандар саны бойынша жаңа деректер шықты

Қазақстанда 679 709 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды.

ввв

Өңірлер бойынша ең көп екпе салдырған Алматы тұрғындары - 131 631 адам.

Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы облысы екінші орында. Онда вакцинаның бірінші компонентін 90 мыңнан аса тұрғын алды. Олардың 11 мыңға жуығы "Спутник V"-ның екінші компонентін салдырды.

Үшінші орында Шымкент қаласы тұр, мұнда 60 мыңға жуық тұрғын вакцинацияланды.

Нұр-Сұлтанда CОVID-19-ға қарсы вакцинаны 57 мыңнан аса адам салдырды, олардың 10 мыңы вакцинаның екінші компонентін алып үлгерді.

 

Tengrinews.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале