6.05.2021, 9:16
Оқылды: 122

Қазақстанда вакцинация сәтсіз болды ма?

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда вакцинация сәтсіз болды деген пікірге қатысты ойын айтты.

в2

"Вакцинацияның өзі тұрақты қарқынмен жүріп жатыр. Қазақстан дүние жүзінде вакцинация салдырған азаматтар саны бойынша 57-орында тұр. Қарқынымыз қалыпты. Егер біз вакцинацияны алғашқы кезеңде күшейтсек, тұрғындар вакцинадан бас тартуы мүмкін еді. Бастапқы кезеңде күш салынбауы керек, нақты түсінік, мысалдар, жүйенің дайындығы, вакцинация пункттері, медицина пункттері болуы керек", - деді Цой ОКҚ онлайн-брифингінде журналистер сұрағына.

Ол шалғай жерлерге жылжымалы рефрижератор жеткізу, сауда және ойын-сауық орталықтарында жабдықталған нүктелер ашу маңызды болғанын айтты.

"Бұл үлкен логистика. Қазір тұрғындар вакцина салдыруға тырысып жатыр", - деді Цой.

 

Tengrinews.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале