1.06.2019, 18:20
Оқылды: 23

Мал қыстағына дайындық пысықталды

Облыс әкімдігінде 2019-2020 жылдың мал қыстағына азық дайындауды ұйымдастыру мәселесі туралы кеңес өтті. 

IMG-20190601-WA0022

Шараға облыс әкімінің бірінші орынбарасы Ғали Есқалиев, аудан әкімдері мен жауапты басқарма басшылары қатысты.
Жалпы облыс бойынша алдағы мал қыстағына 777,1 мың бас қыстаққа кіреді деп күтілуде (соның ішінде: мүйізді ірі қара 473,4 мың бас, қой мен ешкі – 118,5 мың бас, жылқы – 182,7 мың, түйе – 2,4 мың бас).
Кеңес отырысында облыс әкімінің орынбасары қыстақ кезінде аталған мал басын қамтамасыз ету үшін 1,5 млн. тонна мал азығын дайындау қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар көктемде жерде тоңның қалың болмауына байланысты қар суы жерге сіңіп кеткені, Жайық өзеніндегі су қорының 65% көктемгі тасқын судан тұратыны айтылды.  Бүгінгі таңда Жайық өзеніндегі судың деңгейі 140-145 см. Бұл орташа деңгейден 2,5 есе аз.
Қалыптасқан жағдай Ақжайық, Казталовка, Жаңақала аудандарының аумағындағы көлтабандардағы судың деңгейін төмендетіп, мал азығын дайындауда кері әсерін тигізері сөзсіз.
Көршілес облыстарда да осындай жағдайға байланысты мал азығын дайындау мәселесі де өзекті.
Сондықтан облыс аумағының 84%-ын табиғи жайылымдар мен шабындықтар алатынын ескере келе, бар мүмкіндікті пайдаланып, мал азығын толық көлемде дайындау бойынша шаралар қабылданады.
Отырыста мал азығын толық көлемде дайындау үшін көлтабандарды, табиғи жайылымдар мен шабындықтарды тиімді пайдалану бойынша нақты шаралар қабылдау тапсырылды.
- Үкімет тарапынан мал азығын дайындауға ауыл шарашылығы құрылымдарына литрі 165 теңгеден арзандатылған дизельдік отын қарастырылған.
Сондай-ақ, соңғы жылдары шөп және дала өрттері жиі қайталануда, бұл ауылдық қауымдастыққа және жеке секторға үлкен материалдық зиян келтіруде.
Мысалы 2017 жылы 100 мың гектардан астам шабындық және жайылымдық жер жанды. Тәжірибе көрсеткендей, өрт шығудың жиі себебі адами факторлар мен ауылшаруашылық техникасының ақаулығы.
Сондықтан техникаларды ұшқынсыз жұмыс істейтін жабдықтармен қамтамасыз етілуін, өрт сөндіргіштер мен құмды жәшіктер және басқа да бастапқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету мәселесі де қаралды.
Дала өртінің алдын алу мақсатында шөп шабу науқанына қатысатын техникаларды тиісті тексеруден  өткізіп, арзандатылған дизель отынын пайдалана отырып, қыс мезгіліне қажетті мал азығын толық көлемде дайындап алуымыз қажет,- деп түйіндеді облыс әкімінің бірінші орынбасары.

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале