20.12.2019, 12:03
Оқылды: 499

Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сыныптарында білім алу үшін конкурс жарияланды

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2020-2021 оқу жылынан Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сыныптарында білім алуүшінҚазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөнінде конкурс жариялады.

nis (2)

–Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ NIS-programme білім беру бағдарламасы аясында жүзеге асады. Оқушылардың жеке қызығушылығы мен мүдделерін ескере отырып, оқытудың екі деңгейіндегі оқу пәндерін таңдаудың оңтайлы жүйесі ұсынылады. Оқушы жоғарғы оқу орнына түсуге қажетті оқу пәндерін тереңдетілген деңгейден де, стандартты деңгейден де өз қалауымен таңдайды. Тереңдетілген деңгейде оқытылатын пәндер бағдарламасы ЖОО-ның бірінші курс материалдарына сәйкес келеді. Сондықтан НЗМ түлектері Қазақстанның 10 ЖОО-на бірден екінші курсқа түсе алады. Сонымен қатар мектеп жанында 129 оқушыға арналған жатақхана бар. Онда облыс аудандары мен өзге қалалардан келген зияткерлерге бар жағдай жасалған, – дейді директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Айдар Сұлтанов.

nis (3)

Оралдағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы Айдана Хамидуллинаның хабарлауынша, құжаттарды қабылдау 2019 жылдың 18 желтоқсаны мен 2020 жылдың 31 қаңтары аралығында Московская көшесі, 16-үй мекенжайы бойынша жүреді.

Қабылдау комиссиясының жұмыс тәртібі: дүйсенбі-сенбі күндері 9.00-ден 18.00-ге дейін, жексенбі күні 10.00-ден 15.00-ге дейін;  түскі үзіліс уақыты: 12.30-13.30. Мереке күндері: 2019 жылдың 31 желтоқсаны және 2020 жылдың 1, 2, 3, 7 қаңтары.

Үміткердің қабылдау комиссиясына тапсыруы қажет құжаттар тізімін ura.nis.edu.kz сайтының «Ата-анаға» бөлімінен, @nis.oral парақшасынан алуға болады.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале