13.04.2020, 20:54
Оқылды: 148

Облыс әкімі Ғали Есқалиев Оралда салынып жатқан нысандарды тексерді

БҚО-да жоспарланған нысандардың құрылысы қарқынды жүруде. Бұдан басқа, "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында ТЖ кезінде жұмыссыз қалған қызметкерлерді қосымша жұмысқа қабылдау шаралары жүргізілуде. Бүгін өңір басшысы көпфункционалды Мәдениет үйінің, №25 және №33 мектептердің, сондай-ақ қалалық "Жеңіс" алаңының құрылысымен танысты. Бұл жайлы БҚО әкімдігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызметі хабарлады.

kurylys (8)

Тұңғыш Президент алаңында салынып жатырған Мәдениет үйінің құрылысы өткен жылдың шілде айында басталды. Бүгінгі таңда ғимараттың қаңқасын орнату бойынша монолитті жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта құрылыс алаңына 120 адам жұмылдырылған. Олардың барлығы жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілген және тұрақты жалақы алады.

kurylys (4)

"Альтаир" ЖШС құрылыс компаниясының басшысы Сергей Потиченконың айтуынша, мәдениет үйі конференцияларға, кеңестерге, экспозициялар мен көрмелерге арналған залдарға, сондай-ақ 926 орындық концерттік залға  бөлінген. Бұл облыстың қуаты мен ауқымы бойынша бірегей жобалардың бірі. Нысанды 2021 жылы тапсыру жоспарланып отыр, алайда қазір құрылыс жұмыстары кестеден озып жүріп жатыр.

Ғали Есқалиев әр түрлі бағыттағы мәдениет қызметкерлерін еске алып, оларға үлкен конференц-залдарды дайындау қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, жобаға кірме жолдар мен тұрақ орындарын пысықтап, жобаға қосуды тапсырды. Сонымен қатар, өңір басшысы жергілікті құрылыс материалдарын пайдаланудың қажет екенін атап өтті.

kurylys (9)

Құрылысшылар бүгінгі күні ТЖ-ға байланысты құрылыс материалдарын жеткізуде мәселе бар екенін және қысқартылған жұмыс күні нысанды тапсыру мерзіміне әсер ететінін айтты.

Облыс әкімі мердігерлерге арналған құрылыс дүкендерін ашу, сондай-ақ жұмыс күнін 22:00 сағатқа дейін, яғни 2 ауысымға ұзарту туралы ұсынысты қолдады.

Аймақ басшысы №33 жалпы орта білім беретін мектебінің ағымдағы құрылыс жұмыстарымен танысты.

kurylys (6)

Бұрынғы мектеп ғимараты апатты деп танылғандықтан, қазіргі таңда оның орнында 300 орындық жаңа ғимарат салынуда. Мектеп биылғы жылдың желтоқсан айында тапсырылады. Бүгінгі күні объектіде 30 адам жұмыс істейді,іргетас орнату жұмыстары жүргізілуде.

Облыс әкімі мектеп базасында шағын орталық құру қажеттігін атап өтіп, сапалы құрылыс пен әрлеу жұмыстарының маңыздылығын атап өтті.

- Әңгіме балалар туралы болып отыр, сондықтан сапалы материалдармен қамтамасыз етіліп, жұмыстардың сапалы орындалуы, ең алдымен балалар белсенді болатын аймақтарда маңызды. Осыған байланысты жұмыстар мерзімге сай орындалуы тиіс, – деді облыс әкімі.

Атырау қаласының "Нұрқапстройгаз" ЖШС-ы жобаның мердігері болғанына қарамастан, облыс әкімі еңбек биржасы арқылы жергілікті тұрғындарды жұмысқа тарту қажеттігін атап өтті.

– Алдын ала өтініш беріп, осылайша тәжірибесі бар мамандар мен адамдарды жұмысқа шақыру керек, - деп атап өтті аймақ басшысы.

Сонымен қатар, облыс әкімі Ғали Есқалиев №25 жалпы орта білім беретін мектебінің жаңарту жұмыстарымен танысты.

kurylys (1)

Мектеп директоры Бәтима Асқарова атап өткендей, 5500 шаршы метрлік мектеп ғимараты 1986 жылы салынған. Сол уақыттан бері мұнда тек ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Мектепке жөндеу жүргізу және материалдық-техникалық базаны жақсарту қажеттілігі туындады. Сондықтан, облыс әкімі атап өткендей, ағымдағы жылы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

- Мектептің ішкі кеңістігін ұйымдастыруды және кабинеттер мен бөлмелердің орналасуын ата-аналар комитетімен бірге жүргізу қажет. Сондай-ақ, мектеп аумағында бір үлкен алаңның орнына оқушылар мен жақын аумақ тұрғындары үшін 2 шағын алаң құруды ойластыру керек, – деп атап өтті аймақ басшысы.

Қазіргі уақытта мектепте 1200-ден астам оқушы білім алуда.

kurylys (3)

- Қалада мектеп тапшылығы байқалады, бірақ бұл мектеп 100-120 оқушыға қосымша қабылдау жасай алады және бұл басқа мектептердегі белгілі бір жүктемені жояды, - деді облыс әкімі.

1980 жылдың 9 мамырында салтанатты ашылған «Жеңіс алаңы» да жаңартылады.

Содан бері мұнда жөндеу жұмыстары бірнеше рет жүргізілді. Қазіргі уақытта 7 мың шаршы метрді жарықтандыру, торшерлерді, брусчаткаларды, Мәңгілік от пен мемориалдық тақталардың айналасындағы гранит плиталарын ауыстыру, сондай-ақ көгалдандыру және Стелланы сырлау жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Демонтаж бойынша жұмыстар басталды.

kurylys (2)

"Бәйтерек Каспий Сервис" ЖШС-ның директоры Қайырбек Тоқмұрзиев атап өткендей, барлық жаңарту жұмыстарын Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойына дейін аяқтау жоспарланған.

Облыс әкімі атап өткендей, өңір үшін маңызды орындарды жөндеу ерекше жауапкершілікті талап етеді және атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы жоғары деңгейде болуы тиіс.

zhaikpress.kz

суреттер: Эльвира Меңдіғали

kurylys (12)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале