13.02.2020, 17:19
Оқылды: 28

Онлайн медиа қалай қаржылық тұрғыдан тәуелсіз болады?

Бұл сауал төңірегінде қазақ тілінде онлайн контент жасаушылардың «Өзгеріс кезеңіндегі сын мен шын» IV форумының спикерлері әңгіме өрбітті.

QAZFORUM-264

Нұр-Сұлтан қаласында өткен дәстүрлі форум жайлы аймақтық медиа кеңесші, «Internews Kazakhstan» өкілі Асхат Еркімбай былай дейді: «Сөзсіз жылына бір рет болса да қазақ медиасына қатысы бар, бас-қасында жүрген, тікелей, жанама әсер ететін адамдардың бас қосуы өте қажет. Кейбір адамдарға тақырыптар қайталанған болып көрінуі мүмкін. Бірақ 4 рет болып жатқан жиын бізге қазақ медиасының тыныс-тіршілігі қалай, бізде қандай өзекті мәселелер бар және біз қай жақтамыз деген сұрақтарға жауап береді. Бір байқайтыным, жыл өткен сайын бізде тақырыптармен бірге негізгі эксперттердің де алмасуы бар. Мәселен, былтырғы жылы бізде болған тақырып сәл басқаша болды. Биыл біз көбінесе онлайн контент туралы сөз қылдық. Яғни, қазақ тіліндегі онлайн медиа қалай қаржылық тұрғыдан тәуелсіз болады деген тақырыптарды қозғадық. Бірнеше нұсқалар айтылды. Дәл қазіргі уақытта онлайнда қазақша контент жасайтын адамдарға өте жақсы мүмкіндік туындап тұр. Яғни, әртүрлі инструменттерді қолдана отырып, қаржылық көзін қарастыру жағы бар».

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале