6.04.2019, 13:50
Оқылды: 28

Оралда білім ошақтары да сенбілік өткізуде

Жалпықалалық сенбілікке мекеме-кәсіпорындармен қатар қаламыздағы білім ошақтары да өз үлестерін қосуда. Солардың қатарында №19 және №17 мектеп бар.

IMG-20190406-WA0072

№19 мектептің директоры Алтын Жұмағалиеваның айтуынша, барлығы 110 қызметкер қатысқан бүгінгі сенбілік барысында мектеп ауласымен қатар оқушылардың білім ордасына келер жолындағы Алмазов көшесінің бойындағы күл-қоқыс тазартылған.

- Айналамыздың тазалығына барлығымыз бірдей жауаптымыз. Ұстаздар мен ата-аналар осындай тазалық акциясына үлес қосу арқылы балаларына жақсы үлгі көрсетеді деп есептеймін. Біздің мектеп аумағының тазалығына жиырмадан астам қызметкер атсалысты. Ауа райының бұзылуы да бізге кедергі болмады, - дейді Орал қалалық №17 орта мектептің директоры Тамара Рудич.

Аяужан Кереева,

zhaikpress.kz

IMG-20190406-WA0027

IMG-20190406-WA0037

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале