3.10.2019, 19:10
Оқылды: 241

Оралда өнер ұжымдарының кеші өтуде

Дәл қазір Оралдағы Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда әр жанрдағы шығармашылық ұжымдары мен артистерінің концерті бір уақытта өтуде.

WhatsApp Image 2019-10-03 at 16.49.43

Филармонияға кірген жанды әр түкпірден әуелеген әсем ән, күмбірлеген күміс күй, түрлі аспаптың үндескен үні бірден баурап алады. Үлкен залда Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің концерті өтіп жатыр. Ұлттық әуеннің сырлы үніне елтіген тыңдарманның қарасы мол. Ал кіші залда «Ән қанатында» вокалды аспаптар ансамблі мен эстрада әншілері әннен шашу шашуда. «Орал сазы» фольклорлық ансамблі мен дәстүрлі әншілерінің шығармашылығы кеш шырайын ашуда. Сонымен қатар «Назерке» халық биі ансамблі, «Классика» камералық ансамблі мен классикалық әншілері де өнер көрсетуде. «Саз әлемі» атты филармонияның өнер кеші туралы толығырақ «Орал өңірі» газетінен оқи аласыздар.

Ясипа Рабаева

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале